2.           ҚОРДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТ НЫСАНЫ

2.1.        Қор қызметінің негізгі мақсаттары мынадай:

1)           аса көрнекті қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Араб тілі халықаралық академиясының академигі (Египет), Малайзия университетінің және Қазақстанның көптеген университеттерінің құрметті профессоры, қазіргі заманғы көрнекті шығыстанушы шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің мұрасын мәңгі есте сақтап қалу;

2)           шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің Орталық Қазақстан және қазақ жерінен шыққан ойшыл ғалымдардың ұмытылып бара жатқан мұраларына қатысты құнды ғылыми зерттеу жұмыстарын сақтау және насихаттау;

3)           халықтар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара түсініктік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мәдени трансферт идеясын одан әрі дамыту, жалпылау және танымал ету;

4)           ғылыми ой, дінтану мен әлем мәдениеті тарихына зор үлес қосқан қазақ жерінен шыққан көрнекті ғалымдардың мұраларын есте сақтау;

5)           өз халқының тарихы мен мәдениетін зерделеу арқылы жас ұрпақты атақты бабаларының рухына құрметпен қарауды тәрбиелеу;

6)           болашақ шығыстанушы ғалымдарды дайындауға қатысу.

2.2.        Қор келесі қызмет түрлерін іске асырады:

1)           көрнекті ғалым және оның еңбектеріне арналған баспа жобаларын жүзеге асыру, кітаптары мен мақалаларын жарыққа шығару;

2)           Әбсаттар қажы Дербісәлінің мұрасы мен тұлғасына қатысты түрлі гуманитарлық және ағартушылық жобаларды жүзеге асыру. Атап айтқанда, ғалым мен оның мұрасына арналған конференциялар, форумдар, презентациялар өткізуге бастамашылық ету және ұйымдастыру. Ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», шығармашылық кездесулер өткізу;

3)           әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кітапхана мен жеке аудитория, сондай-ақ Ә. Дербісәлі тұлғасы мен оның қызметіне қатысты кино және фотоматериалдар қорын құру;

4)           Ә. Дербісәлі тұлғасы мен оның еңбектерін бұқаралық ақпарат құралдарында, жоғары және орта мектептерде жалпы білім беру мен оқу бағдарламалар аясында кеңінен насихаттау;

5)           жоғары оқу орындарының студенттеріне көрнекті ғалым атындағы шәкірақы бағдарламасын, магистранттар мен докторанттарға, жас ғалым-гуманитарийлерге (шығыстанушылар, тарихшылар, теологтар) арналған гранттық бағдарламалар жобаларын жүзеге асыру;

6)           Қордың мақсаттарына сәйкес әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени-ағартушылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамаларын қолдау;

7)           Қордың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қайырымдылық мәдени іс-шараларды, соның ішінде көрнекті шығыстанушы ғалымның тұлғасы мен мұрасын насихаттауға арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу; 

8)           Қордың мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

9)           мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметті жүзеге асыру;

10)         Қордың мақсаттарына қол жеткізу үшін заңды және жеке тұлғалармен, оның ішінде қатар халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

11)         Интернет желісінде Қор қызметін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру және қолдау;

12)         Қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін мәдени-ағарту мен білім беру іс-әрекеттерін жүзеге асыру (білім беру жобалары мен іс-шараларын жасау және орындау, соның ішінде дәріс оқу, семинар жүргізу және конференциялар өткізу). Сондай-ақ «Шығыстану» мамандығы бойынша докторанттар мен магистранттарға білім беру атаулы грантын тағайындауға бағытталған конкурстар өткізу;

13)         Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

2.3.        Қордың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

2.4.        «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлерін қор белгіленген тәртіппен алынған лицензия болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.

Наши партнеры